8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қараша 2020 1052 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДАҒЫ 11 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Биыл шаһардағы 11 аула аумағы абаттандырылды. Ол үшін қазынадан 400 млн. теңге жұмсалған. Атқарылған абаттандыру жұмыстарымен бүгін қала басшысы Абат Шыныбеков танысып, тұрғындармен тілдесті.

Мемлекеттік бюджет есебінен жаңартылған аулалардың бірі Әбілқайырхан даңғылындағы 44, 46-үйлерінің  ауласы. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерде 40 жылдан астам уақыт бойы жаңарту жүргізілмеген. Биыл қалалық бюджеттен осы ауланы абаттандыру үшін 27 млн. теңге  бағытталып, «Dizain-D.A» ЖШС жобаға сәйкес подъездерге кіреберіс жолдар, асфальт-бетонды жабын төсеп, тас төсеуіш, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатты. Сонымен қатар балаларға арналған ойын құрылымдары қойылды.

Ал У.Громова көшесі, 11, 11/1, 13 үйлері ауласын абаттандыруға 50 млн. теңге жұмсалған.  Мердігер компания «Айдана» ЖШС жобада көрсетілген жұмыстарды орындаумен қатар компания есебінен сый ретінде екі субұрқақ, street workout жабдықтары бар ойын алаңын салып, жарықтандыру шамдарын қойған.

Қос ауланың тұрғындары да жасалған жұмыстарға бек риза.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдың мәліметінше, шаһарда 500-ге жауық аула аумағы бар. Жыл сайын мемлекет есебінен аулаларды абаттандыру  жалғасып келеді. 2018 жылы – 20, 2019 жылы – 15 аула абаттандырылса, биыл 11 аула абаттандырылды. Келер жылы тағы 19 ауланы жаңартылады деп күтілуде.

–  Келесі жылы да аула аумақтарын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылады. Әр ауланы абаттандыру тұрғындардың талқылауына шығарылады. Сәйкесінше, жобалық-сметалық құжаттама тұрғындардың пікір-ұсыныстарына сәйкес бекітіледі. Бұл ретте тұрғын үй басқарушы органдары белсенді жұмыс жасауы керек, – дейді  Мирас Рүстемұлы.

Айта кетейік, Оралда 500-ге жуық аула бар. 2007 жылдан бастап олардың  400-ге жуығы абаттандырудан өткен. Десек те тозығы жетуіне байланысты алғашқы кезеңде  абаттандыру жасалған аулаларда қайтадан ағымды жөндеу жүргізілуі қажет болып отыр.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»