ОРАЛДА ТЫНЫМБАҚТАР МЕН АЛАҢДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ЖАЛҒАСУДА
Орал қаласы аумағында 56 алаң мен тынымбақ бар, олардың 43-і абаттандырылған. Ағымдағы жылы тынымбақтарды абаттандыру бойынша 2 жоба жүзеге асырылмақ.

Қала әкімінің орынбарасы Мирас Мүлкәйдің мәліметінше, 5 гектар аумақты құрайтын жасыл желекті жол абаттандырылады. Бұл қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Циолковский көшесінен С.Датов көшесіне дейінгі Әбілқайыр хан даңғылы және Әбілқайыр хан даңғылынан Шолохов көшесіне дейінгі С.Датов көшесіне созылатын алаң. Екінші жоба – Зачаганск кентіндегі облыстық балалар ауылындағы тынымбақ.
– Аталған жобалар бойынша аумақты көгалдандыру, жарықтандыру, сонымен қатар кіші сәулет формаларын орнату жұмыстары қаралған. Қазір мердігерді анықтау мақсатымен мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Бұл жобаларға құны 400 000,0 мың теңгеден астам, қаржы бағытталып отыр, – деді Мирас Рүстемұлы.
Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай – Жеңіс алаңында, Абай Құнанбаевтың – 175 жылдығы аясында – Абай алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылмақ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу