ОРАЛДА ТАҒЫ ДА ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ САТУ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың тағы екі фактісін анықтады.

Орал қаласының тұрғыны дәрі-дәрмектерді Қазақстан Республикасының уәкілетті органының рұқсатынсыз сатқан. Одан жалпы құны 128 000 теңгені құрайтын «Цефтриаксон» және «Ледокаин» дәрі-дәрмектері табылып, тәркіленді.
Екінші жағдайда, Оралдағы дәріханалардың бірі «Инфлюцид» препаратын пакетке 3500 теңге (белгіленген баға – 2 571 теңге) көлемінде сатылған. Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 15.07.2019 жылғы №ДСМ-104 «Дәрілік заттың бөлшек саудада және көтерме саудада сатылатын тауарлық атауының шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрығын бұзу болып табылады.
Жиналған материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және бақылау бөліміне жіберілді.
Айта кетейік, өңірде бұған дейін де дәрілік заттар айналымы саласындағы бұзушылықтардың, рұқсаттық құжаттарсыз дәрі-дәремектерді сату және қымбаттату деректерінің ашылғанын жазған болатынбыз.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу