ОРАЛДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА 150 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Бұған дейін хабарлағанымыздай, құны 1 млн. теңгеге дейін болатын тұрғын үй сертификатына ипотекалық тұрғын үй қарызын алу бойынша банктен өтінші қанағаттандырылған арнайы санаттағы азаматтар ие бола алады.
Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қазіргі уақытта үміткерлердің құжаттарын жинауда. Сертификат 27 тамыздан бастап берілетін болады.
Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев мәлім еткендей, биыл Орал қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына 150 миллион теңге бөлінген. Тұрғындардан міндетті түрде екінші деңгейлі банктен төлем қабілеттілігін анықтайтын құжаттың болуы талап етіледі.
Қазіргі таңда шаһарда әр түрлі санат бойынша 21 140 адам тұрғын үй кезегіне тіркелген. Оның 6000-ға жуығы «Көп балалы отбасылар», «Толық емес отбасылар», «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар» санатында.
Еске сала кетейік, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа және Батыс Қазақстан облысы мәслихатының «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы» шешімі негізінде берілмек. Сертификатты алуға «Көп балалы отбасылар», «Толық емес отбасылар», «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар» санатындағы және мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларының қызметкерлері үміткер бола алады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу