8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2020 1546 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

24 желтоқсан күні Тұңғыш Президент алаңында шаһардың бас шыршасы жағылды. Ұзындығы 18 метр болатын шырша ойыншықтар және түрлі-түсті шамдармен безендірілген. Салтанатты шара барысында мерекелік қойылым сахналанды. 

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Кайырлиевтің айтуынша, биыл қала аумағында жеті шырша орнатылған.

—  Шаһардағы барлық шыршалардың шырағы бір мезгілде жағылды. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін кент, селолық округтерде де шыршалар орнатылды. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты жаңажылдық шаралар онлайн форматта өтеді.«Нұрға толы Жаңа жыл» мерекелік бағдарламасы алдын ала түсіріліп, жергілікті телеарналардан 31 желтоқсан күні көрсетіледі. Сондай-ақ балаларға арналған ертегі-қойылымның да түсірілімі жасалып, әлеуметтік желілерде жарияланатын болады, — деді бөлім басшысы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
105 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
163 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
226 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
261 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
306 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»