ОРАЛДА СЕРВИСТІК «АНТИКОР ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Оралда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанынан сервистік «Антикор орталығы» ашылды. Орталықтың ашылуына облыс әкімі Ғали Есқалиев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар қатысты.


Бұл – Қазақстан бойынша ашылған жетінші сервистік орталық. Орталықты құрудағы мақсат – тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес беру және қолайлы жағдай жасау, бұл бағыттағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.Сәмет таныстырып өткендей, орталық агенттіктің және облыс әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр. Мемлекет басшщысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жұмысын бастаған орталық «Парасаттылық», «Әділдік», «Ашықтық» принципіне сай қызмет көрсетеді. Ғимараттың бірінші қабатында процестік офицерлер мен превенция басқармасының қызметкерлері отырады. Мұнда қызмет электронды кезек жүйесі бойынша жүргізіледі. Анықтама беру, хат-хабар немесе өтініштерді қабылдау, департамент басшылығының қабылдауына жазылу қызметтері көрсетіледі. Сондай-ақ қызмет алушылардың балаларына арналған бұрыш та жасақталған. Екінші қабаты – арнайы жиындар немесе баспасөз конференцияларын өткізу алаңы ретінде жабдықталған.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Халықаралық тәжірибеге сай ашылып отырған орталық та жұмыс сапасын жетілдіруге оң ықпалын тигізеді деп сенеміз. Ең бастысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға күш салу керек, – деген облыс әкімі Ғали Есқалиев орталық қызметіне сәттілік тіледі.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдардың айтуынша, сервистік орталықтар қазір еліміздің әр өңірінде ашылуда. Мақсат – қызмет көрсетудің проактив принципін енгізу.
– Антикор орталықтарын құру тұжырымдамасын даярлау кезінде қоғаммен байланыс орнатудың негізгі талаптарын ескердік. Бұл орталық – азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысудың бірден-бір алаңы болмақ. Мемлекеттік орган басшылары мен қызметкерлерінің ашықтығы және қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында және қоғамды қолға алынған шаралар туралы дер кезінде ақпараттандыру үшін баспасөз орталығы жұмыс жасайтын болады, – деді Нұрлан Амангелдіұлы.
Ашықтық және қолжетімділік мемлекеттік органның беделіне оң әсерін тигізері анық. Қазір облыс әкімшілігі және жергілікті мемлекеттік орган басшыларының қолдауымен өңірдегі мемлекеттік органдарды трансформациялау мәселесі жоспарлы түрде жүзеге асуда. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаевтың айтуынша, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында төрт мемлекеттік мекеме «Open Space» форматына көшірілген. Олар – облыстық ақпараттандыру, архивтер және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы, Орал қаласының білім бөлімі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қазталов аудандық ауруханасы. 30 мемлекеттік мекемеде фронт-кеңсе құрылды. Алты «Ашық әкімдік» құрылып отыр.
Өңірге келген жұмыс сапары барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар Орал қаласы №2 сотының фронт-кеңсесі, «Ақжайық –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждегі «Адалдық дүкені» және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында ашылған студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысты. Сондай-ақ «Smart Uralsk» ғимаратында, «Квант» ЖШС ашылған фронт-кеңседе және мамандандырылған халыққа қымет көрсету орталығында болды.


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу