8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Маусым 2020 1591 0
Өзек

ОРАЛДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАН 43 НЫСАННЫҢ ИЕСІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПҚА ТАРТЫЛМАҚ

Коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу мақсатында алдағы күндері де шектеу шараларын күшейту қарастырылмақ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы М.Арыспаев айтты.

Коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу мақсатында демалыс күндері қосымша уақытша шектеу шараларын енгізілген болатын. Азаматтардың жүріп-тұруы шектеліп, базарлар, сауда нысандарының, қоғамдық орындардың жұмысы және  қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтатылды. Осы екі күннің  ішінде облыс орталығындағы нысандарда, аялдамаларда ауқымды дезинфекция жүргізілді. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  айтуынша, мейрамхана мен кафелердің қызметті санитарлық талаптарды сақтамай жүргізу жағдайлары кездесуде.

–  Отбасылық жиындар, адамдардың көп жиналып, той тойлауы да тоқтамай тұр. Қарым-қатынас жағдайына байланысты аурушаңдық белгілері көбірек тіркелуде. Бүгінде  жұмыс тобы құрылып, барлық нысандарда мониторинг жүргізуде. Кемішіліктер өте көп.  Шаштараздарда, шағын дүкендер мен базарларда санитарлық талаптардың бұзылуы тіркелуде.  Тексеру нәтижесінде 43 нысан бойынша хаттама толтырылып, материалдары әкімшілік сотқа жолданды, – деді Мұхамғали Арыспаев.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»