8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2021 5022 0
Спорт

ОРАЛДА РОБОТОТЕХНИКА КӨРМЕСІ ӨТТІ

Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мейрамын атап өтуде белгіленген «Зияткерлік күніне» орай бүгін, 15 наурыз күні Оралда робототехника көрмесі ұйымдастырылды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен өткен көрме ұлттық ойындарды ойнайтын роботтардың  таныстырылуымен ерекшеленді.

Ерекше роботтар орталық алаңдағы көрмеге шығарылды. Олардың  қатарында Республикалық жоғары техникалық колледжінің студенттері, облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері,  Назарбаев зияткерлік мектебінің, №27 М.Мәметова атындағы мектеп-лицейінің, №26 және №44 орта мектептердің шәкірттері дайындаған құрастырылымдар бар.

Республикалық жоғары техникалық колледжінің  3-курс студенті Мирас Демеу көрмеге бірнеше роботын алып келген. Солардың бірі – асық ату роботы.

–  Бұл робот берілген троектория бойынша жүріп, тізбектелген асықтарды  атады. Мен оны  бір күнде құрастырып шықтым. Бағдарламасын енгіздім. Шамамен 70 сантиметр қашықтықтан тигізе алады. Осы роботыммен облыстық жарысқа қатысып, үшінші орын иелендім, – дейді болашақ оптикалық-электрондық жабдықтар маманы Мирас Демеу.

Одан басқа Республикалық жоғары техникалық колледжінде «Арқан тартысатын», «Қыз қуу», «Ақ сүйек» ойынын көрсете алатын роботтар құрастырылған. Колледждегі үйірме жетекшісі Бекнұр Қабдығалиевтің айтуынша, оқу орнында робототехника үйірмесі  2014 жылдан бері жұмыс жасайды. Кейінгі үш жылдың ішінде  ұлттық ойындар бағатындағы роботтар құрастыруға ерекше маңыз берілген.

Көрменің ұйымдастырушысы – Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев атап өткендей, бүгінде  робототехника спорт түріне енгізілуде.

– Бұл – киберспорт деп аталады. Оның ішінде  топ-топқа бөлініп футбол ойынын, шабуыл жасау сынды ойындар бар. Сондай-ақ киберспорт – олимпиадалық спорт түрі саналады. Осы орайда «Зияткерлік күні» аясында қаламыздағы жас техниктерді ынталандыруды жөн санадық. Алдағы күндері мереке аясында «Шежіре күніне» орай қазақ күресі мен айтыс, «Шымырлық пен шеберлік күніне» орай Бортауда ұлттық спорт түрлерінен сайыс, «Ұлттық тағам күніне» орай қыздар арасында бауырсақ пісіруден, ерлер арасында қой көтеру сайысы өтпек. Ал Ұлыстың ұлы күнінде «Орал барысын» ұйымдастыру жопарымыз бар, – дейді Артур Мұратұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
71 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
108 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
203 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»