8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Ақпан 2022 2884 0
Қоғам

ОРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Бүгін, 14 ақпан күні Орал қаласында жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші — қалалық кезеңі басталды. Олимпиада 14 пән бойынша өтеді. 

Қалалық олимпиада №4 ЖОжҚББ мектебінде өткізілуде. Санитарлық талаптар қатаң тәртіппен сақталған.  Биыл пәндік олимпиада жаңа форматта — «1 оқушы-1 компьютер-1 камера» қағидасымен өткізілуде.

Оқушылар тапсырмаларды www.okulyk.kz платформасында орындайды. Олимпиаданың басталуы алдында оқушыларға нұсқама жүргізілді.

Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін жергілікті «Дарын» өңірлік орталығының өкіліне, мүдделі емес «үшінші тұлғаға» («Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар немесе ЖОО оқытушылары) қатысуға құқық берілді. Сонымен қатар олимпиаданың екінші кезеңінің ашықтығын және академиялық адалдығын сақтау үшін оны өткізу процесі онлайн режимінде қарау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді.

Орал қаласы білім беру бөлімінің  мәліметінше, республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне мектепішілік іріктеуден өткен 1300-дей оқушы қатысуға өтінім білдірген. Бүгін Биология және Информатика пәндері бойынша  өтуде. Бұл пәндер бойынша 9-11 сыныптардан 213 қатысады.

Олимпиаданың қалалық кезеңі 19 ақпанда  аяқталып, жеңімпаздарға облыстық кезеңге жолдама беріледі.

zhaikuni.kz

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
187 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
232 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
414 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
402 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»