8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қыркүйек 2020 1647 0
Қоғам

ОРАЛДА ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР АРАСЫНДА АЛҒАШҚЫ ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

Алғашқы пікірсайыста Мержан Әбілқас, Айнұр Арыстанова, Айгерім Ералиева, Медхат Қамбетов, Шаттық Өтебалиева өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынды.


Дебат кезінде алғашқы болып сөйлеу жеребе тарту бойынша анықталды. Әр қатысушы өзінің бағдарламасымен таныстырып, халықпен кездесу барысында тұрғындарды мазалайтын сұрақтарды талқылады. Спикерлер қоғамның барлық салаларына қатысты көптеген мәселелерді қозғады. Көпбалалы отбасыларға берілетін жеңілдіктер, білім беру жүйесі, кәсіпкерлікті қолдау тақырыптары күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды.
Дебатта көтерілген тағы бір маңызды әлеуметтік тақырып ол – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсетіп, жұмысшы мамандығының беделін көтеру.
Саяси пікірталас екі турда өтіп, жалпы ұзақтығы 90 минутты құрады. Бірінші кезеңде праймеризге қатысушылар аймақтың дамуындағы мәселелерді шешу жолдарымен бөліссе, әрі қарай, пікірталас сұрақ-жауап форматына көшті. Дебатты әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілді.
Пікір сайысты тамашалауға әрі қатысушыларға қолдау білдіруге қоғамдық ұйымдардың, жастар бірлестіктерінің өкілдері мен партия мүшелері келді. Орал қаласы бойынша праймеризге 103 үміткер тіркеліп, дебатқа қатысу үшін олар 18 топқа бөлінді.
Естеріңізге сала кетейік, праймеризге қатысушылар арасындағы дебат 14-30 қыркүйек аралығында өтіп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі. «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушыларға дауыс беру ағымдағы жылдың 1 мен 3 қазан аралығында өтеді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
330 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»