ОРАЛДА ОҢДЫ ІСТЕР КӨП
Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қалалық мәслихаттың кезекті 36-сессиясында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, биыл атқарылған және жасалып жатқан жұмыстар туралы жергілікті депутаттар алдында есеп берді. Сессия жұмысына депутат Валентина Михно төрайымдық етті.

Шаһар басшысының айтуынша, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, шағын және орта бизнесті өркендетуге, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымдарын жетілдіруге, инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған барлық жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға бағытталған және басқа да берілген тапсырмаларын іске асыру үшін атқарылуда. Жыл сайын жаңадан емдеу мекемелері, мектептер мен балабақшалар, өзге де әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Жолдар мен желілер жөнделіп, аулалар абаттандырылуда. Күні бүгінде қаланың жалпы бюджеті 56,7 млрд. теңгені құрайды. Қала бюджетінің басым бөлігі білім беру, 26 пайызы құрылыс, 18 пайызы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына бағытталған. Тоғыз ай ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 126,9 млрд. теңгені құрап отыр, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,1 пайызға көп. Қаланың аграрлық секторында 56 ауыл шаруашылық құрылымы бар. Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесінен басым. Есепті кезеңде қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 60,2 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі таңда қалада 31 153 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. 1045 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілген. Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын және орта бизнес субъектілері 19 051,0 млн. теңге несиемен қамтылған. Ағымдағы жылы облысымызға мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға жалпы сипаттағы трансферт көлемінен 1,6 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күні сомасы 223,3 млн. теңге болатын 19 жоба қаржыландырылған. Есепті кезеңде қала тұрғындарының саны 313 173 адамға жеткен. Жыл басынан бері 1846 отбасына 19,3 млн. теңге көлемінде тұрғын үй көмегін алған. Бүгінгі таңда 51күндізгі жалпы орта білім беретін мектептерде 49949 оқушы білім алуда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3467 оқушыға артқанын көрсетеді. Соңғы жылдары Зашаған, Сарытау шағын аудандарында жаңа үйлердің салынып, халықтың көшіп келуіне байланысты оқушылар саны көбеюде, осының тарапынан мектептер үш ауысымда оқытуға көшіп отыр. Қазіргі таңда «Ақылды қала» бағдарламасы аясында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Қаланың 49 мектебі кең жолақты ғаламторға қосылды, бұл үшін жалпы сомасы 47376 мың теңге бөлінген. «Нұр-Отан» партиясының қолдауымен №4 жалпы орта білім беретін мектебінде, №42 «Ақ ниет» гимназиясында және Оқушылар сарайында жаңа форматта безендірілген ІТ-сыныптар ашылды. Биылғы оқу жылында №31 және №33 орта мектептер апатты деп танылды. Қазіргі уақытта №33 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті қаражатты бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданса, №31 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Биылғы жылдың жоспарына сай Зашаған кентінен төрт көппәтерлі тұрғын үйді, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінен екі үйді пайдалануға беру жоспарлануда. «Ақжайық» шағынауданының, яғни 12 тұрғын үй кешенінің құрылысы басталған. Сол секілді шаһарда күре жолдың күрмеуі де шешіліп, көптеген көшелер күрделі жөндеуден өтті, кварталішілік жолдардың құрылысы да қарқынды жүруде. Осы мақсатқа бағытталған 285,1 млн. теңгеге барлығы 45 көше жөнделген. Жиында депутаттар қала басшысына жөндеуден өткен Жамбыл көшесінің жиектастары сапасыз материалдан орнатылғанын, мердігерлердің жауапсыздығынан аула аумақтарында қолайсыздықтар орын алып жатқанын жеткізді.
Бүгінде қала аумағында 386 аула аумағы есепке алынған. Соның 313-і жөндеуден өткен. Қазіргі таңда 15 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталса, оның 8-інде балалар алаңқайы жасақталған. Осы орайда қала әкімі Абат Абайұлы бұл сұрақтың көкейтесті екенін, мердігерлер тарапына айтылған сын-ескертпелер негізінде олардың тиісті жазаға тартылатынын, өз істеріне жауап беретінін айтты. Сондай-ақ шаһар басшысы халық қалаулыларын ел игілігі жолында бірлесе жұмыстануға шақырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу