8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2020 2684 0
Қоғам

ОРАЛДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР МЕН БАЗАРЛАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ҚЫСҚАРДЫ

             Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, коронавирус жұқпасымен науқастанғандар әлі де тіркелуде. Өңірімізде коронавирус жұқпасымен бұған дейін 776 жағдай тіркелсе, оның 22-сі бүгін анықталып отыр. Сондықтан 11 мамырдағы Қаулыға өзгерістер енгізіліп, шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді. 

 

             БҚО бас санитарының айтуынша, жаңа Қаулыға сәйкес, бұдан былай тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Екіншіден, рұқсат етілген қызмет түрлеріне енгізілмеген ұйымдар мен кәсіпорындар қызметін тоқтатып, онлайн жалғастырады. Сондай-ақ қоғамдық көліктердің жұмыс тәртібі де өзгереді. Ертең, яғни 6-шы маусымнан бастап автобустар таңғы сағат 6.00-ден бастап 12.00-ге дейін, кешкі сағат 17.00-ден бастап 21.00-не дейін барлық санитарлық эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, кестеге сай жүреді. Ал азық түлік және азық түлік емес базарлар дүйсенбі-бейсенбі аралығында таңертеңгі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, ал жұма-жексенбі күндері сағат 10.00-16.00 аралығында жұмыс істейді. Мейрамхана, бар, дәмхана, асханаларға келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспауы тиіс. Ал қорқор пайдалануға мүлдем тыйым салынады. – Әлемдік тәжірибе вирустың адамдар тығыз орналасқан жерде жұғу қаупі жоғары екенін көрсетті. Осыған байланысты сіздерден адамдар көп жиналатын жерлерге бармауды, ұйымдасқан жиындарға қатыспауды, қашықтық сақтауды, жабық үй-жайларға кіргенде міндетті түрде бетперде тағып жүруді сұраймыз. Егер осындай топтық жиындар кесірінен халық арасында коронавирус жұқпасының таралуы анықталса, заңнамамен жауапкершілікке, тіпті құқықтық жауапкершілікке тартуға әкелетінін ескертеміз, – деген бас санитар Қаулының күші бүгін түнгі сағат 00.00-ден бастап күшіне енетінін жеткізді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»