ОРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«Болашақ жастардікі» қоғамдық қорының бастамасымен «Meniń Qazaqstanym» акциясы ұйымдастырылып, еріктілер қоғамдық орындарда, қаланың басты көшелерінде өңір тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Мерекелік акция Тұңғыш Президент алаңында жалғасып, Мемлекеттік Ту шеруі өтті. Белсенді жастар, сарбаздар Туды ортаға алып шығып, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Гимн орындалды. Жиналғандарға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов мерекелік ізгі лебізін білдірді.
–Мемлекеттік рәміздер бекітілген 1992 жылдан бастап Туымыз барлық мемлекеттік шараларда биікке көтеріліп, космоста да желбіреді. Байрақты бәсекелерде спортшыларымыз Мемлекеттік Гимнімізді шырқап, Көк Туымызды көтеріп, қазақ елін танытып келеді. Әр мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік рәміздеріміз жарқырап тұр. Бұл – біздің төл рәміздерімізге құрметіміз. Рәміздер өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудің негізгі нышаны. Елдіктің тұмарына айналған рәміздеріміз – егемендігіміздің басты белгісі саналады. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, келер ұрпаққа аманат ету – біздің парызымыз. Елдің тыныштығын ойлап, егемендікті нығайтуға еңбек етуіміз керек. Биыл Елбасы Жарлығымен «Жастар жылы» болып бектілді. «Жастар жылында» Үкімет жастардың мәселелеріне көңіл бөліп, шешуге жағдай жасауда. Ал жастар күш-жігерін елдің дамуына арнайды деп сенеміз, – деген Ғабидолла Абдоллаұлы өз міндеттерін мүлтіксіз атқарған қызметкерлерге алғыс хат табыс етті.
Облыс әкімі орынбасарының алғыс хатын алғандар қатарында 1 маусым күні Желаев карьерінде бес жасар қызды құтқарған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы, азаматтық аға лейтенанты Бақтияр Катчеков бар. Сондай-ақ облыстық ТЖД қызметкері Нұрлан Мұхамбетқалиев, қауіпті қылмыскерді ұстау жөніндегі арнайы операцияға қатысып, қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері – полиция капитаны Мұхит Әбілқайыров пен полиция лейтенанты Жандос Құбаев, төтенше жағдайларда адам өмірін сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерін адал атқарғандары үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Нұрбол Смағұл, полиция лейтенанты Нұржан Ғұмыров марапатталды.
Шара өңір өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу