8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қазан 2021 3972 0
Спорт

ОРАЛДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

13  қазан күні Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі  жандар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.  «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығында өткен жарысқа 30  шақты  спортшы қатысты. Жарыс  қатысушыларын қала әкімінің  орынбасары  Ерлан Ғалиев қолдап келді. 

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекесі ретінде БҰҰ қазан айының екінші жексенбісін белгілеген. Осы мерекемен қоса «Мейірбандылық» айлығы жалғасуда.

Аталмыш айлық шеңберінде қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе  ұйымдастырған жарыс 3 спорт түрінен мықтыларды анықтады. Атап айтқанда, Біржан Морякұлы, Гүлмира Батпақұлова, Азон Шаймарданов бастаған белсенділер асық ату, садақ ату, дартс ойындарында ептіліктерін сынға салды.

Қазаққа төл өнердің төркіні болған асық ойыны қай ойыншының болмасын қанжығасын құр қайтарған жоқ, Асқан ептілік пен қол күшін талап ететін қалған спорт түрлері де қызықты өтті.

Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталды.

Тимбилдинг форматында өткен бұндай шара өңірде бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
100 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
159 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
222 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
258 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
303 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»