ОРАЛДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ Т.ҚАТАУОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТУДЕ
Волейболдан ұйымдастырылған ашық қалалық турнирге Орал қаласы мектептері, Қаратөбе, Сырым аудандарынан жалпы 8 команда қатысуда. Бүгін, 15 қазан күні облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінда ұйымдастырылған турнирдің ашылуына Т.Қатауовтың шәкірті – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев, қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, басқарама басшылары, білім беру саласының қызметкерлері мен шәкірттері және туыстары қатысты.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра береді. Жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету және олардың есімдерін мәңгі сақтау, ерліктерін дәріптеу – баршамыздың перзенттік борышымыз!» деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысының үндеуі аясында саяси қуғын сүргін құрбаны болған жерлестеріміздің есімін ұлықтау шаралары өткізілуде.
Зобалаң жылдары саяси қуғын сүргін құрбаны болғандардың бірі – жерлесіміз Тұрсынғали Қатауов. Туринирдің ашылуына Тұрсынғали Ғатауолла туралы бейнефильм көрсетіліп, сөз алғандар ұстаздың өмірі мен ұлт болашағы үшін атқарған білім саласындағы еңбегіне тоқталды.
1949 жылы Орал мұғалімдер даярлайтын институтының тарих факультетінде оқып жүргенде Алашорда үкіметін қолдап, қайраткерлері еңбектерін халық арасында батыл насихаттағаны үшін жазықсыз жала жабылып, 10 жылға сотталып жазасын Карлагта өтеп, 1955 жылы ақталып шыққан. Бостандыққа шыққан соң өзінің халық жауы емес, керісінше халықтың сауатын ашуға қызмет етіп, бар саналы ғұмырын оқу-ағарту саласына арнап, Қаратөбе ауданы бойынша 1970 жылы тұңғыш «КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісін тағады.
Турнирге Сырым, Қаратөбе аудандарының және Орал қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №10, №20, Х.Доспанова атындаңы №30, №47, №50 орта мектептері мен Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің командалары қатысуда. Жарыстың бас төрешісі – Азамат Нұрмұханбетов.
Турнир ертең, 16 қазан күні қорытындыланады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу