8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Мамыр 2020 1404 0
Өзек

ОРАЛДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДЕН ӨРТ ШЫҚТЫ

Кеше, 18 мамырда  Орал қаласындағы 6-шы шағынауданда көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, түн ортасында тұрғын үйдегі 83 адам эвакуацияланды. Олардың 33-і кәмелетке  толмағандар. 

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің  мәліметінше, сағат 23.38-де БҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің  күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына  6-шы шағынаудандағы үйлердің  бірінің  67-пәтерінде  өрт шыққаны туралы хабар түскен. Қызметтің 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына жетіп барлау жұмыстарын жүргізу барысында 9-қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы 67 пәтерiнде жеке тұрғын заттар мен диван өртенгенiн анықтады. Өрттің жалпы 5 шаршы метр аумақты шарпып өткен. Осыған байланысты 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және жедел-құтқару жасағы көмекке шақыртылған. Өрт ошағы сағат 00.15-те оқшауланып, 00.25-те толықтай жойылды.

Аталған мекенжай бойынша 83 адам эвакуацияланды, 33 жасөспipiм бала. 9 бала қауіпсіз аймаққа көшipiлiп, жедел жәрдемге тапсырылған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»