8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Шілде 2020 1367 0
Өзек

ОРАЛДА КҮЙЕУІН ӨЛТІРГЕН ӘЙЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Күйеуін айуандықпен өлтірген Орал қаласының тұрғыны енді өмірінің 10 жылын тар қапаста өткізетін болады. Үкім БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2 шілдеде шықты.

Судья Бақыт Ермахановтың мәлім еткеніндей қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың 20-сыншы қаңтары күні тіркелген.

– 1983 жылы туылған облыс орталығының тұрғыны Әйгерім Есенжанова жұмысынан келгеннен соң отағасымен келіспей қалып, ерлі-зайыптының ортасында жанжал туындайды. Нәтижесінде ашуға булыққан әйел күйеуін соққыға жығып ас үй пышағымен сол жақ кеуде тұсынан соққы жасайды. Алған жарақатының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында бірнеше минуттан соң жан тапсырады. Сот медициналық сараптама анықтағандай, айыпталушының қан құрамынан алкогольдік өнімдерді тұтынғаны белгілі болды. Енді ол жазасын ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сай  адам өлтіру фактісі бойынша қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады, – деді судья Ермаханов.

Айыпты өз кінісін ішнәра мойындаған. Алайда, куәгерлер мен тергеу амалдары оның қанды әрекетін толықтай дәлелдеген.

37 жасар оралдық әйелдің жазасы заңды күшіне енбеген. Оның істі қайда қару үшін арызы 14 күн ішінде қабылданады.

Отбасында кәмелетке толмаған қос қыз бала тәрбиеленген. Олардың алдағы тағдырын арнайы құрылған комиссия қарауда.

Айнара ТӨЛЕУҒАЛИ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
192 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
412 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»