Оралда «Jaiyq film fest» фильмдер фестивалі өтеді
Орал қаласы әкімдігі және «Qaiyr» қоры «JaiyqFilmFest» халықаралық қысқаметражды және деректі фильмдер кинофестивалі өтетінін хабарлады. Кинофестиваль ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және «Қала күні» мерекесіне орай жарияланып отыр.
Фестивальге қатысушылардың жасы шектелмейді, байқау шарттарына сәйкес барлық құжаттарды 10 қыркүйекке дейін ұсынған үміткерлер қатыса алады. Ұйымдастырушы «Qaiyr» қорының төрағасы Алпамыс Шәрімовтың мәліметінше, фестивальге елімізден және өзге мемлекеттерден де қатысуға ниет танытқандар көп.
– Біріншіден, мұндай фестивальдер көбіне Алматы, Нұр-Сұлтан сияқты мегополистерде ғана ұйымдастырылып келеді. Ал шағын қалаларда өтпейді. Мәселен, Канн кинофестивалін ұйымдастыру арқылы Францияның осы қаласы дүниежүзіне танымал болды. Халқы не бары 74 мың адам. Яғни, тұрғындары біздің Оралдан 5 есеге аз. Канн осы бір ғана фестиваль арқылы іргесіндегі Ницца, Монте-Карло қалаларының да туристік-экономикалық әлеуетінің дамуына серпін берді. Біздің мақсат Оралда туризмді дамытуға үлес қосу. Әрине, бірден бола қоймас. Десек те, Орал – өте әдемі қала. Кино түсірушілер үшін камера нысанына алатын объектілер жетерлік. Осы орайда ХІХ, ХХ ғасырдан сақталған архитектуралық ескерткіштерді таныстырсақ дейміз. Бұдан бөлек, Оралдан эксклюзивті өнерімен танылған дарындар мен таланттар аз емес. Осы фестиваль енді кино саласындағы жаңа толқынның шығуына сеп болады деген сенім бар, – дейді Алпамыс Шәрімов.
Кинофестивальдің қазылар алқасы да халықаралық деңгейдегі кино саласында өзіндік орны бар тұлғалардан құралады. Қазылар алқасының төрайымы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешова.
Кинофестиваль жеңімпаздары «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік ер адам бейнесі», «Үздік әйел адам бейнесі», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік деректі фильм» номинациялары бойынша марапатталады. Сондай-ақ қазылар алқасының арнайы сыйлығы ұсынылмақ.
Айта кетейік, «Қала күні» мерекесіне арналған шаралар 10 қыркүйектен басталады деп күтілуде. Ал кинофестиваль 16-17 қыркүйекке жоспарланған.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу