ОРАЛДА ҮЙ ӨРТЕНІП, ЕКІ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Оқыс оқиға кеше, 11 желтоқсан түнгі уақытта болған.
БҚО ТЖД баспаөз қызметінің хабарлауынша, сағат 23.17-де «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал. қ)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Куличев көшесі, 13 мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шыққаны және үйдің ішінде екі адам қалып қойғаны жөнінде хабар түскен.
Өрт жұмыстарын барлау кезінде жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайтын, саман тастан тұрғызылған үйдің төбе жабыны, едені, жеке заттары және жиһаз жанғаны анықталды. Өртті сөндіру кезінде үйден 2 адамның өлі денесі табылды. Олар – 1953 жылы туған В есімді азамат пен 2012 жылы туған М есімді бала.
Сонымен қатар 1-2 дәрежелі күйік және орташа ауырлықтағы улы газбен уланумен 1977 жылғы А. есімді азамат Орал қаласы мединициналық жедел-жәрдем биргадасының көмегімен көпбейінді қалалық ауруханасына және орташа ауырлықтағы улы газбен улану, жіліншігі мен білегінің кесілген жарасымен 2016 жылы туған К. есімді қыз бала мединициналық жедел-жәрдем биргадасының көмегімен қалалық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Оларды күштер мен құралдардың келуіне дейін 1974 жылғы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі (Орал.)» ММ зейнеткері Мұрат Баев құтқарып қалған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 27 литрлік газ баллонын эвакуациялады.
Өрттің болжамды себебі – пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы. Өрт сағат 23.57-де оқшауланып, сағат 00.38-де толық жойылды. Оқиға орнында Қызметтің 6 техникасы мен жеке құрамның 16 қызметкері жұмыс атқарды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу