ОРАЛДА ЕР АЗАМАТ КӨШЕ БОЙЫНДА ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАМАҚ БОЛДЫ
Оралда ер азамат өзінің тамағын кесіп, денесін зақымдамақ болды. Оқиға орталық көшелердің бірінде болған. Әп-сәтте әлеуметтік желіде таралып, жұртшылықты елең еткізген жағдайға байланысты БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

27 мамыр сағат 9.26-да 102 қызметіне Орал қаласының 1989 жылғы тұрғыны хабарласып, 26 мамырдан 27 мамырға қараған түні белгісіз адамдардың есігінің алдында тұрған Kia Sportage маркілі автокөлігін айдап кеткенін хабарлаған. Ақпарат түскен бойда «Тосқауыл» («Перехват») жоспары хабарланып, аталған көлікті іздестіруге Орал қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы толық жұмылдырылды.
Сағат 12.25 шамасында бұл көліктің Ж.Досмұхамедов көшесіндегі жеке үйлердің жанында тұрғаны байқалған. Үй ауласында екі азамат болған. Олардың біреуі сол жерде ұсталып, екіншісі полиция қызметкерлерінен қашпақ болған. Полицейлер артынан қуған кезде ол өзінің денесіне жарақат салып, көше бойында өз тамағын пышақпен кесіп үлгеріпті.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ол ұсталып, дереу жедел жәрдем қызметі шақырылған. Алғашқы көмек көрсетілген соң, құқықбұзушы полицейлерге қайта тапсырылды. Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ ПД баспасөз қызметі оның орта дәрежеде мас күйде болғанын хабарлады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу