ОРАЛДА ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫН ТІРКЕЛГЕН ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Орал қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 2017 жылдың 17 қыркүйегінде орын алған, үй иесіне әжептәуір көлемде материалдық залал келтірген күдіктіні құрықтады. Бұл туралы Орал қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Осыдан екі жыл бұрын С.Тюленин көшесіндегі бір үйдің терезе әйнектерін сындырып, үй ішіне кірген белгсіз біреу үй ішінен бірнеше алтын бұйымдар, құндыз тондар, «Триколор» антенасының қабылдау құрылғысын, «Самсунг» маркалы шаңсорғыш пен күзгі қымбат бағалы куртканы алып кеткен. Осылайша, 1989 жылғы С. есімді азаматқа көлемді шығын келген-ді.
Таяуда көп уақыттан бері ұстатпай жүрген пәтер тонағыш 1973 жылғы В. есімді, еш жерде жұмыс жасамайтын, Бәйтерек ауданының тұрғыны ұсталып, қылмыс жасағанын мойындады. Полиция қызметкерлерінің алдына келген бұл тұлға пәтерді ұрлауға көз байланар шақ – түнгі сағат 23.00 – ден кейін кіріскенін баяндады. Ұрлаған бұйымдардың денін сатып, ақшаны күнделікті өз қажетіне жаратқан. Тек күзгі куртка ғана үйінде қалыпты.
– Жедел уәкілдердің тынымсыз іздестіру іс- шаралары оң нәтиже беріп, екі жыл бұрын тіркелген пәтер ұрлығы ашылды. Бүгінгі күні Орал қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін де бірнеше қылмыстар жасап, істі болған күдіктіге қатысты материалдар жиналып, тергеу амалдары жүргізілуде, – деді басқарманың баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлова.
Жыл басынан бері шаһарда 388 пәтер ұрлығы тіркелген.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу