ОРАЛДА БІР ТҮНДЕ 55 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
Облыста карантин талаптарының сақталуын тексеру рейдтері жалғасуда. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше бұл құқықбұзушылық фактілері 28 шілдедегі түнгі сағат 23.00-ден 29 шілде таңғы сағат 6.00-ге дейінгі жүргізілген рейд кезінде анықталған.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаевтың 2020 жылғы 16 шілдедегі №24-ПГВр қаулысын орындау мақсатында және облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын тексеру үшін БҚО ПД жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшірілді. Күн сайын тәртіп сақшылары жедел жәрдем көлігін, авариялық қызметтерді және басқа да арнайы органдарды, сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының, аудандарының тіршілігін қамтамасыз етуге жауап беретін ұйымдардың көлігін қоспағанда, көліктің қозғалысын 23.00 сағаттан 06.00 сағатқа дейінгі шектеу шараларын қадағалайды.
28 шілдедегі сағат 23.00 мен 29 шілдедегі сағат 06.00 аралығында полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізген сегіз тұлғаны ұстап, оларды оңалту орталығына жеткізді.
Сондай-ақ, түнгі рейд кезінде 55 әкімшілік құқық бұзу фактілерін анықтады. Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға қатысты 16 факті тіркелген, соның 12-сі тұрмыс-жайдан тыс жерде ересектерсіз немесе заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдерге қатысты анықталды. 39 жол қауіпсіздігінің бұзылуы, соның ішінде ішімдік ішкен күйде көлік рөліне отырған 6 факті дәлелденді. 9 автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Мемлекеттік нөмірі жоқ бола тұра, түн ішінде мотоцикл жүргізген 1 жүргізуші ұсталды.
Түнгі рейд барысында полиция қызметкерлері Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарына мән бермеген 190 көлік жүргізушісіне қатысты алғашқы материалдарды жинақтады. Аталмыш материалдардың барлығы Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментіне жіберіледі.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу