ОРАЛДА БАЛАЛАРДЫҢ ТҰМАУДАН КӨЗ ЖҰМҒАНЫ РАС ПА?
Орал қаласында тұмау ауруынан екі баланың қаза тапқаны жөніндегі ақпаратты Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жоққа шығарды.

Бір-екі күннен бері әлеуметтік желілерде Орал қаласында екі баланың тұмаудан қайтыс болғандығы жөнінде ақпарат тарап жүр. Осы ақпаратты алған тұрғындар арасында баласы үшін үрей пайда болып, бір-біріне жолдауда. Бірақ, облыс тұрғындарына ешқандай уайымға себеп жоқ. Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыста тұмау ауруының тұрақты екенін хабарлады. Тұмау ауруының асқынған түрі тіркелмеген.
Жалпы облыста тұмау, ЖРВЖ басқа да аурулар БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жіті қадағалауында. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері (2019 жылғы 1 қазаннан бастап) 6 қаңтарға дейінгі уақытта ЖРВЖ 7776 жағдайы тіркелді. ЖРВЖ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар – 75,6%, 1 жасқа дейінгі балалар-11,7%, жүкті әйелдер – 2,9% құрайды. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 348 пневмония оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 97,7%. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
Облыс бойынша В тұмауы вирусының айналымы анықталды, тұмаудың зертханалық расталған 42 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлес салмағы 85,7%.
ЖРВЖ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай Департаменттің бақылауында, облыста эпидемияға қарсы жедел шараларды қабылдау мақсатында жыл сайын 1 желтоқсаннан бастап облыс халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың жай-күйіне күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу