8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Шілде 2020 1833 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ?

Қазіргі уақытта Орал қаласында ауыз су кестеге сәйкес берілуде. Осы орайда тұтынушылар тарапынан наразылықтар да көбейіп отыр. Бүгін Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков фейсбуктағы парақшасында суды кестеге сай берілуінің себебін түсіндіріп, тұрғындарды қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды.

«Өздеріңізге жеткізгендей, соңғы күндері қала бойынша ауыз су беру белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Оның басты себебі жазғы мезгілде ауыз су тұтыну мөлшері өсуіне және қалалық кәріздік желідегі қайта құру жұмыстарына байланысты болып отыр. «Батыс Су Арнасы» мекемесі арқылы қалаға мамыр айында орташа тәуліктік су беру көлемі 49 500 текше  метр болса, қазіргі уақытта 55 000 текше метрге  жетіп отыр. Екіншіден, апатты жағдайдағы Шолохов көшесіндегі айналмалы кәріздік коллекторды ауыстыруға байланысты қаланың солтүстік шығыс аумағы, жаңа шағын аудандар, орталық аумақтағы барлық кәріздік ағындардың 70 проценті Неусыпов көшесіндегі КНС 1 және КНС 2 бекеттері арқылы өткізілуде. Сәйкесінше осыншама жүктемеге бұл желі шыдамай апатты жағдайға әкелді. Сондықтанда осындай шектеу шараларын алуға тура келді. Сонда да көп қабатты тұрғын үйлерде кесте бойынша су бергенде су жетпеу орын алуда. Осындай кезеңде тұрғындар тарапынан уақытша қолайсыздықтар үшін орынды реніштер болып жатыр, бірақ баршаңызға қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамын. Біздің тарапымыздан ауыз суды беруді толықтай қалпына келтіргенше барлық мүмкіндік болатын шаралар қабылданады» деп жазды Абат Шыныбеков.

Сондай-ақ шаһар басшысы бүгіннен бастап қосымша шаралар енгізілгенін мәлім етті. Атап айтқанда, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның бір жылыту қазандағының жұмысын шектеу қойылып, ыссы су температурасы төмендетілді. Екіншіден, қазандықты салқындатудан шыққан 200 куб су қосымша Батыс Су Арнасына бағытталып, 1600 текше метр су сағатына тазарту қондырғыларына жіберілуде. Үшіншіден жеке секторларға, атап айтқанда қаланың Солтүстік-Шығыс ауданы (ескі аэропорт), қаланың іргесіндегі саяжай алқаптары, Зачаганск, Мичурин, Асан ауылдарындағы аз қабатты жеке тұрғын үйлерге су беру шектеліп, кесте бойынша берілетін болады.

Сонымен қатар қала әкімі коллекторларды жөндеу жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
111 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
167 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
232 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
265 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»