ОРАЛДА АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ КӨБЕЙДІ
2020 жылдың алты айында Орал қаласында алаяқтыққа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен 387 қылмыс тіркелді, соның ішінде қаланың орталығында Абай полиция бөлімінің өндірісінде 110 алаяқтық фактісі тіркеліп, істер тергелді. Бұл қылмыстардың 70 пайызын интернет алаяқтары құрады, қылмыстардың ашылуы 49 пайызды құрады, 2019 жылдың 6 айында алаяқтық фактілерінің ашылуы 61,1 пайыз болды.

Мәселен, 16 шілдеде еш жерде жұмыс жасамайтын, Бәйтерек ауданының 1997 жылғы тұрғыны өзгенің сеніміне кіру арқылы «Сони плейстейшн» ойын приставкасын алып кеткен. «Приставаканың құны 200 мың теңге еді. Мен алаяққа алдандым» деп бабау қаққан әйел адам полицейлерге арызданған.
17 шілдеде белгісіз тұлға «Колесо» әлеуметтік желісінен көрген хабарландыру бойынша хабарласып, «автокөлігіңізді аз уақытта сатып беремін, тек есепшотқа алдын ала 200 мың теңге салыңыз» деген. Қала тұрғыны көлігін сатуға асығып, еш ойланбастан көрсетілген есепшотқа белгіленген соманы аудара салған. Соңынан ақшасы жоқ екенін біледі, хабарласса телефон тұтқасы көтерілмейді, көлігі сатылмайды. Алданғанын сезіп, Орал қаласы Полиция басқармасына арыз жазды.
20 шілдеде белгісіз тұлға өзінің ұялы телефоны арқылы хабарласып, өзін «Каспий банктің» қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ретінде таныстырған. Жалған сөйлеп, сенімге кіріп, Каспий голд арқылы 300 мың теңгені қағып алған. 1992 жылғы азаматша полицияға келіп, ақшасынан айырылғанын баяндады. Абай Пб-іне арыз жазды. Бұл фактілер тіркеліп, тәртіп сақшылары жұмыстануда.
Орал қалалық Полиция басқармасы алаяқтық фактілерінің көбеюіне орай, азаматтарды бөгде адамдардың «осы нөмірге ақша салыңыз», «көлік сатуға немесе заттарыңызды сатуға көмектесемін» деген құр сөздеріне сенбеуге шақырады. Бейтаныс тұлғаларға жеке бас деректері мен банк карточкаларының нөмірлерін айтпауларын сұрайды.
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу