8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Ақпан 2020 3251 0
Қоғам

ОРАЛДА АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚУ МАРАФОНЫ ӨТТІ

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Оралда ұлы ақынның шығармаларын оқу марафоны өтті.

Бір күндік марафонды Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиалы мен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана ұйымдастырды. Мәнерлеп оқу марафонын  №42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушылары бастады. Олар ақынның жыл мезгілдері туралы өлеңдерін, мектеп бағдарламасына енгізілген шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде оқыды. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық  колледжі,  Республикалық жоғары техникалық колледжі, Сервис және жаңа технологиялар колледжі студенттері, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының тәрбиеленушілері және кітапханашылар мен әр түрлі жастағы кітапхананың оқырмандары  марафонды жалғап, Абайдың азаматтық көңіл күй, философиялық ой, ғашықтық, оқу-білім, тәрбие тақырыптарындағы өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды.  Сондай-ақ Абайға Құнанбаевқа арналған арнау-жырлар да тыңдалды.

Таңертеңгі сағат 10.00-ден басталған шара, кешкі сағат 16.00-ге дейін жалғасты. Бұл шараға  ниет танытқан  100-ден аса адам қатысып, Абайдың шығармаларын оқыды.  Марафонға белсенді қатысқандар ұйымдастырушылар алғыс хаттармен марапатталды.

– Абай Құнанбаевтың 175 жылдыған орай өңірдегі 168 кітапханада бір мезгілде марафон бастау алды. Мақсатымыз ұлы ақынның ақындық мұрасын өскелең ұрпақ жүрегіне мәнерлеп оқу арқылы ұялату, поэзияны сүюге, бағалай білуге үйрету. Оқырмандарымыздың рухани танымын кеңейту, – дейді облыстық кітапхананың директоры Шолпан Оразаева.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»