8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Тамыз 2021 4750 0
Спорт

ОРАЛДА 8 СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Спорт күні қарсаңында тұрғындар игілігіне ұсынылған алаңдардың ашылуына қала басшысының орынбасары Ерлан Ғалиев, ардагерлер, қалалық мәслихат депутаттары қатысты. 

Кешенді алаңдар жергілікті қазына есебінен салынды. Құрылыс жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС жүргізген. Мәселен, Құрманғазы, 102 мекенжайында ашылған спорттық және ойын алаңының жалпы аумағы 1877 шаршы метр. Бұл алаңның  салуына 48,720 млн. теңге жұмсалды. 419 шаршы метр аумаққа жол төселген. Жасанды көгалмен жабылған шағын футбол алаңы 1008 шаршы метр. Көпфункционалды алаңда баскетбол мен волейбол ойнап, доп тебуге болады. Жаттығу құрылғылары мен ойын құрылымдары орнатылған. Дәл осындай спорттық және ойын алаңдары Алмазов, 69 мекенжайында және Деркөл кентіндегі  Ы.Алтынсарин, 16-үй ауласында пайдалануға берілді.  Әр алаң жарықтандырылып, бейнекамералар орнатылған. Орындықтар мен қоқыс салғыштар да жаңартылған.

Нысандардың ресми ашылуынан соң  алаңдарда баскетболдан және футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Биыл қалада заманауи үлгідегі 20 спорттық және ойын алаңын салу жоспарланған болатын. Оның 14-і  пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған алаңдар салынады.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
195 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
243 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
420 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
409 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»