8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2020 1133 0
Қоғам

ОРАЛДА 600-ГЕ ЖУЫҚ БОЗБАЛА ӘСКЕРГЕ ТЕКСЕРІЛУДЕН ӨТУДЕ

                «Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды алдын ала зерделеу басталды», деп хабарлайды аталмыш басқарманың баспасөз қызметі.

Басқарманың баспасөз қызметінің  хабарлауынша, тіркеуді жергілікті әскери басқару және тиісті жергілікті атқарушы органдар бірлесіп өткізеді. Мақсат – азаматтарды әскери есепке қоя отырып, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, білім және дене дайындығы деңгейін анықтау.

Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын барлық азаматтар шақырту қағазында көрсетілген құжаттарды өзімен бірге алып, нақты белгіленген күні шақырту учаскелеріне келуі қажет. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң негізінде меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, білім беру ұйымдарының басшылары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарды қажетті уақытта босатуға және олардың Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына келуін қамтамасыз етуге міндетті».

Медициналық комиссия құрамына әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша дайындықтары бар білікті дәрігер мамандар, яғни, хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, көз дәрігері, құлақ-мұрын дәрігері, дерматовенеролог, тіс дәрігері кіреді. Әскерге шақырушылардың әрқайсымен және оның ата-анасымен зерделеуге жауапты лауазымды тұлғалар жеке әңгімелесу жүргізеді.  Орал қаласы бойынша биыл зерделеуден 600-ге жуық бозбала өтеді деп жоспарлануда.

Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс-күймейсің»  деген болатын. Әскери қолбасшының осы қанатты сөзі әр азаматтың намысын оятуы тиіс. Егеменді еліміздің әрқашан да еңсесі биік, өзге мемлекеттермен терезесі тең болуы маңызды. Сондықтан Отан алдындағы адал борышын абыроймен өтеу – әр азаматтың парызы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
117 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
172 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
240 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
270 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
315 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»