ОРАЛДА 6 300-ДЕН АСТАМ БҮЛДІРШІН 1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАНДЫ
Бүгін қала мектептерінде алғашқы қоңырау үні сыңғырлай соғылды. №21 орта мектептегі салтанатты жиынға қала басшысы А.Шыныбеков арнайы қатысты. Ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар осы сәтті асыға күткенін ерекше атап, тарыдай болып енген балалардың таудай болып, терең біліммен қанаттанып шығуына тілектестігін білдірді.
– Міне, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында алғашқы қоңырау салтанатына жиналдық. Әлемді жайлаған пандемия жағдайында жыл жарымдай уақыт балаларымыздың оқу әдісі өзгергенін баршаңыз білесіздер. Бұл біздің көптен күткен мерекеміз. Білім беру – ұлағатты іс. Жас жеткіншектеріміз тәуелсіз Қазақстанның болашағы, ертеңі. Қала мектептерінде биыл 55 мыңнан астам оқушы білім алады. Соның ішінде 6300-ден астамы мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр. Жыл санап оқушылар саны 2700-3000-ға көбейіп келеді. Сондықтан мемлекет тарапынан мектептердің әлеуметтік-инфрақұрылымдық жағдайын жақсарту мақсатында күрделі жөндеу, жаңа мектептер салу жұмыстары жалғасын тауып келеді. №21 орта мектептің ғимараты да өткен жылы мемлекеттік бағдарлама аясында жөндеуден өтіп, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалды, – деген Абат Абайұлы білім әлеміне қадам басқан оқушыларға таудай талап тіледі.
№21 орта мектепте биыл 1483 оқушы оқиды. Бірінші сыныпқа 180 ұл-қыз қабылданған. Салтанатты шарада 1 сынып бүлдіршіндері өлең оқып, ән шырқады. Ұстаздарымен бірге қоңырау соғып, жаңа оқу жылының бастау алғанын сездірді. Сондай-ақ жиын барысында мектеп басшысы әр сынып жетекшісіне «Әліппе», «Букварь» оқулығын табыс етті.
2-11 сыныптар үшін «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбындағы сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова атап өткендей, білім мекемелерінде шәкірттердің қауіпсіздігі үшін дайындық жұмыстары жүргізілген. Дабыл түймелері қойылып, ол ішкі істер органымен байланыстырылған. Сондай-ақ бейнебақылау камереларын орталыққа байланыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек мектептегі қауіпсіздікті мамандандырылған күзет қызметі қамтамасыз етеді. Әр білім ұйымына «Ашық» қосымшасы енгізілді, оқушылар әр түрлі есіктен кіретін болады, санитайзер, қажетті дезифекциялық құралдар толық алынған және сабақтар «Бір сынып – бір кабинет» қағидасымен жүргізіледі.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру

Пікір үстеу