ОРАЛДА 400 АБОНЕНТКЕ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫ ӘЛІ БЕРІЛМЕГЕН
5 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы аумағында болған қатты желдің салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні залал келген нысандарда материалдық шығын көлемін бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмыс жасап жатыр.

Қатты желдің әсерінен Орал қаласы бойынша төрт, Бәйтерек ауданында – бір, Қазталов ауданында – бес, Жәнібек ауданында – төрт, Тасқала ауданында үш нысанның шатырлары мен жылу ұстағыш қаптамалары ұшқан болатын. Бөрлі ауданында балкон қаптамасы сөгіліп, төрт жеңіл көліктің үстіне құлаған.
Қатты желдің салдарынан электр тарату желілері үзіліп, 4000-дай абонент электр жарығынсыз қалған болатын. Үш күннен бері үзілген желілерді қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Қазіргі уақытта ауылдар мен кенттерде электр желісі қалпына келтіріліп, электр көзі берілді. Ал қалада жеке секторлар бойынша 400 абонент әлі электр жарығынсыз отыр.
Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу және жөндеу жұмыстарына «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-нан 8 бригада мен 14 техника жұмылдырылған.
Ағаштардың құлауынан бес адам зақым алып, төртеуі ауруханаға жеткізілген еді. Қазіргі уақытта олардың біреуі, яғни басына ұшқан шатыр тиген 2011 жылғы қыз стационарлық ем алып жатыр. Қалғандары сол сәтте-ақ амбулаторлық емге жолданды.
Орал қаласы бойынша 60 ағаштың құлағаны хабарланған болатын. Олардың алтауы автокөліктердің үстіне түскен.
«Жайық Таза қала» ЖШС бригадалары құлаған ағаштардың түбірін қысқарту жұмыстарымен айналысуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу