ОРАЛДА 1500 БИШІ ҚАТЫСҚАН АКЦИЯ ӨТТІ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында Халықаралық би күніне орай Оралдағы Тұңғыш Президент алаңында Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы би ұжымдарының «Биле, JASTYQ» кең ауқымды акциясы өтті.

Акция мақсаты – хореографиялық өнерді кеңінен насихаттау, шығармашылықты дамыту, бишілердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру, талантты жастарды би өнеріне тәрбиелеу. 
Ең алдымен бір мезгілде бірге 1500 биші «Бастау» тобы әуеніне мың бұрала билеп, көрерменге әсемдік пен әдемілікті көрсетті. Сондай-ақ «Салтанат», «Хорезм бүлдіршіндері», «Шұғыла», «Қыр басында қыз ойын» және халықтық «Ақжайық», үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамбльдері мен «Жайдарлы жастар», «ККК» би студиялары бірлесе «Ақжелең» биін тарту етіп, жиналған жұртшылыққа ерекше әсер қалдырды.15000

Одан әрі облыстық мәдениет басқарма басшысы Қ.Мұсағалиев құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімі А.Көлгінов атынан 15 би ансамблінің жетекшісіне Алғыс хат ұсынды. Сонымен қатар 20 би ансамблінің жетекшісі мен бірнеше балетмейстер-хареографтар өнер, білім, дамыту шығармашылық орталығының «Мәдениет майталманы», «Өнер саласының үздігі» төсбелгілерін кеуделеріне тақты. «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы А.Батырханов үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблінің жетекшісі Р.Көжекешованы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттады.


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу