ОРАЛДА 10 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, 5 ҮЙДІҢ ЖЕДЕЛСАТЫСЫ АУЫСТЫРЫЛДЫ
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында биыл 15 үйде жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 267 млн. теңге бөлінді. 10 үйдің шатыры жаңғыртылса, 5 үйдегі жеделсатыны ауыстыру көзделген болатын.
Бірнеше жылдан бері көпқабатты тұрғын үйлердің тозығы жеткен шатыры мен сынған жедел сатысын алмастыруда, кірберістерді жөндеуде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасына деген сұраныс артып келеді. Бағдарлама арқылы жөндеуден өтіп жатқан үйлердің бірі – Гагарин көшесі, 36/2-үй. Бес қабатты тұрғын үй өткен ғасырдың 70 жылдарында салынған екен. Уақыт өте төбесі тозған. Ал енді мемлекеттік бағдарлама арқылы жаңарған қалыпқа келтірілуде. Мердігері – «ГНРМАШ» ЖШС
Компания басшысы Талғат Еділбаев жұмыстардың жобаға сай атқарылып жатқанын жеткізді.
– Жөндеу жұмыстары басында 18 адам еңбек етуде. Желдету шахтасында жөндеу жүргізілді, профилист құрастырылымын орнату үшін бекіту жұмыстары жасалды. Төбе аумағы 2000 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта жұмыстардың 90 пайызы аяқталды. Осы айдың соңына дейін тапсыратын боламыз, – деді Талғат Еділбаев.
Жуков көшесі, 15/2 мекенжайындағы 9 қабатты тұрғын үйде жаңа жеделсаты жұмыс жасап тұр. Бұл да тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесі. Биыл бес үйдегі жеделсаты ауыстырылған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Әліби Лифт» жүзеге асырды. Жеделсатылар Беларуссиядан жеткізілген. Шығарушы зауыт тарапынан 1 жылдық кепілдік бар және құрылыс-монтаждаушы компания 3 жыл кепілдік береді. Тапсырыс берушілердің есебінше, бір ғана жеделсатының құрылыс-монтажына 13 млн. теңгедей жұмсалады. Тұрғындар осы қаржыны 8 жыл ішінде ай сайын 6 мың теңгеден төлеп тұратын болады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының өңірлік операторы – «Орал құрылыс жөндеу сервис» ЖШС бас инженері Қыдырғали Жорасов атап өткендей, бүгінде бағдарлама арқылы үйлерін жаңғыртудан өткізге ниеттілер көп.
– Тұрғындар өздері ұйымдасып, жиналыстар өткізіп, жасалатын жұмыстардың көлемін есептеп, өтініштерін береді. Соның негізінде жобалық-сметалық құжат жасақтаймыз. Сараптамадан өткіземіз. Келер жылы тағы 20 үйді жаңғыртудан өткізу жоспарлануда, – дейді Қыдырғали Жорасов.
Қаламызда 1246 көпқабатты тұрғын үй бар. 2011 жылдан басталған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламасы арқылы 127-сі жөндеуден өткен.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру

Пікір үстеу