ОРАЛ ЖАСТАРЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ҰЛЫҚТАДЫ
Жастар жылы аясында Орал жастары ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге, ұлық мейрамды кеңінен атап өтуге атсалысты.

Ұлыстың ұлы күніне орай қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұйымдастырған «Қош келдің, әз Наурыз» атты ұлттық ойындармен айшықталған концерттік бағдарлама оқу орындары студенттері мен оқушылардың, белсенді жастардың басын қосты. Орталықтың ақпараттық талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Зарина Ихсанованың айтуынша, басты мақсат – жастар арасында ұлттық мерекені дәріптеу. Бағдарлама әдеттегіден тыс жаңа шоу-концерттік форматта ұйымдастырылды. Домбыра шертіліп, Наурыз мейрамына арналған ән шырқалды. Қатысушылар топтанып, «Қаражорға» биін биледі.
Мерекелік шара ұлттық ойындармен ерекшеленді. «Аударыспақ», «Арқан тартысу», «Асық ату», «Қой көтеру» сынды сайыстар ұйымдастырылды. Салмағы 60 келіге тартатын қойды көтеруге 10 жігіт шығып, бақтарын сынады. Көпшілікті қызықтырған да осы сайыс. Күшіне сенген онның ішінен Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжінің студенті Баққожа Сүлейменұлы жеңімпаз атанып, көтерген қой малын сыйға алды.


Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу