8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қыркүйек 2019 2403 0
Қоғам

«ОРАЛ ОПЕРА» КЕШІ ӨТТІ

«Қала күні – 2019» мерекесі аясында 3 қыркүйек күні «Орал Опера» кеші ұйымдастырылды.

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында өңірдегі классикалық музыка жанрын жандандырып жүрген өнер ұжымдары отандық және шетелдік туындыларды орындады. БҚО әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, БҚО камералық оркестрі, қалалық үрмелі аспаптар оркестрі мен скрипкашылар ансамблінен құралған «Симфониялық оркестрге» Асхат Хасанов дирижерлық етті. Оркестрдің сүйемелдеуімен «Ерен еңбегі үшін» медалының иегерлері Айбар Хайырханов, Эльмира Усаева, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ақсұлу Жұмалиева, Ақмарал Ахметова, Айдана Ажғалиева, Айбек Тұрарбеков, Тарас Жауынбаев, Артем Мұқатаев, Тимур Мусин, Елена Шутарева,  Алтынбек Оразовтар оператта жанрындағы әлемге әйгілі музыканттардың шығармаларын орындады.

Сондай-ақ өнер майталмандары сахна төрінде Абай Құнанбайұлының «Айттым сәлем Қаламқас», халық әні «Алқоңыр», «Қош бол, сәулем көргенше»,  Мүслім Магомаевтың «Синяя вечность» әндерін де тамылжыта әуелетті.

Амфитеатрға жиналған көрермен оперетта жанрындағы шығармаларды нақышына келтіре шырқаған әншілерге ризашылықтарын зор қошеметпен білдірді. «Қала күніне» орай шаһар тұрғындары мен қонақтарына көңілді кеш сыйлаған өнерпаздарға қала әкімі Абат Шыныбековтың атынан ықылас гүлі ұсынылды.

 

Эльмира Нұғманова

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
180 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
368 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
359 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»