8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Желтоқсан 2019 2005 0
Жалын

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАС ДАРЫН ЕРЖАН МАКСИМДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков «Junior Eurovision-2019» халықаралық ән байқауының лауреаты атанған Ержан Максимді қабылдады. Жас өнерпаз қабылдауға анасымен бірге келді.

Шаһар басшысы байқауға Қазақстанның атынан қатысып, әлемдік додада үздік өнер көрсеткен Ержан Максимді жеңісімен құттықтап, «Абай жолы» роман эпопеясын және велосипедті сыйға тартты және анасвна ілтипатын білдірді.

– Осындай дарынды баланы тәрбиелеп отырған өздеріңізге алғыс айтамын,-деген қала басшысы одан әрі тілегін жас дарынның өзіне арнады, – Ержан, сен әлі де биік белестерді бағындыратыныңа сенеміз. Қазақстанның атын әлемге таныта бер дегім келеді,- деді Абат Шыныбеков.
Сондай ақ, кездесу барысында алдағы жылға жоспарланып отырған жас өнерпаздың жеке концерті де талқыланды.

Айта кетейік, Ержан Максим бұған дейін үстіміздегі жылдың мамыр айында «Голос Дети» байқауының жеңімпазы атанды. Ал жуырда Польшаның Гливице қаласында өткен «Балалар Евровидениесі 2019» байқауында «Арманыңнан қалма» («Don’t forsake your dream») әнін орындап, қазылардвң және көрермендердің бағалауы бойынша жалпы 227 ұпаймен екінші орынды еншіледі. Қазіргі таңда Ержан Мәскеу қаласындағы Игорь Крутойдың музыка академиясында білім алуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»