8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Шілде 2020 2042 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАРЫҚДИОДТЫ ШАМДАР ОРНАТЫЛУДА

         Шаһардың Төле би көшесіне мырышталған тірек бағаналар қойылып, жарықдиодты шамдар орнатылды. Дәл осындай автокөлік және жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыратын жарықдиодты шамдар Әйтеке би, Қазыбек би көшелерінде де жағылады. 

    Аталған үш көшеде бұрын жарықшамдар болмаған еді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, биыл 6, 7, 9-шы шағынаудандарындағы қозғалысы көп көшелердің  бірі саналатын осы көшелерде жарықтандыру қолға алынып, қала әкімдігнің тапсырысы негізінде «Жайық таза  қала» ЖШС кабельдерді тарту, бағандарды орнатуды бастаған.  Қазіргі уақытта Төле би көшесін жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды, көше бойы самаладай жарқырап тұр.

–   Төле би көшесінің Московский көшесінен Орал-Желаев трассасына дейінгі  аралығына 100 баған қойылды.  Жарықдиодты шамдар екі жаққа – автокөлік жолына және тротуарларға түсіп тұрады. Бұл көше  бойынша атқарылған жұмыстарға 57 млн. теңге  жұмсалды. Әйтеке, Қазыбек би көшелерін жарықтандыру 15 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде, – деді Жандос Асхатұлы.

     Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»