8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Маусым 2023 1870 0
Без рубрики

Орал қаласының екі тұрғыны такси жүргізушісін тонаған

 

БҚО ПД кезекші бөліміне «Яндекс» қызметінің такси жүргізушісі хабарласады. Оның айтуынша түнгі сағат 02:00-де Яндекс Go қосымшасын қолданушы Орал қаласының «Орбита» саяжай қоғамына тапсырыс берген.

 

Ол тапсырысты қабылдап, көрсетілген мекенжайға келген кезде көлігіне екі жігіт отырды. Жолай олардың біреуі такси жүргізушісімен жанжалдасып қалған.

 

Кейін жүргізушіге көзді жасаурататын газды баллон спрейін шашып жіберіп, содан кейін олар телефонды және қолда бар ақшаны алып, қылмыс орнынан қашып кетті.

 

Жедел іздестіру шаралары барысында 1998 жылғы және 2004 жылғы екі азамат ұсталды. Анықталғандай екеуі де жұмыссыз. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады, ұрланған мүлік тәркіленді.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
237 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
417 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
405 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»