ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ ЕМХАНАҒА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ
Батыс Қазақстан облысының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерімен толықты. Демеушілер арқылы алынған жедел жәрдем көліктері екі қалалық емханаға берілді. Бұған дейін аймаққа гуманитарлық жүкпен өкпені жасанды желдету, импульстік оксиметр және оттегі концентраторлары аппараттары келген болатын.

Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында көрсетіліп отыр. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры» қажетті жабдықты сатып алып, өңірлерге тапсырды. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысына 4 өкпені жасанды желдету құралы, 30 оттегі концентраторы, 60 пульстік оксиметр ұсынылған. Сондай-ақ, өңірге ShevroletDamas маркілі екі жедел жәрдем көлігі берілді.
– Демеушілерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust Fund» көрсеткен көмек дер кезінде жасалған қолдау. Бұл жабдықтардың барлығы облыстық жалпы аурухана үшін коронавируспен күресте жақсы қорған болды. Осындай бірлескен күш-жігермен екінші толқынға дайындала аламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, бұл құрылғылар ауруларды емдеуде қосымша құрылғылар қажет болатын басқа да науқастарымызға көмектеседі, – дейді облыстық көпбейінді аурухана директоры Арман Байдеуов.
«Самұрық-Қазына» АҚ ұсынған осындай жиынтықтар бар әр өңірге және республикалық маңызы бар қалаларға берілмек. «Самұрық-ҚазынаТраст» қорының ресми өкілі Мирас Иргебаевтың айтуынша, бұл шаралар біздің медицинаның жұқпалы аурулардың, оның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының өршуіне қарсы тұруға дайындық деңгейін арттыру және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін жасалуда.
Бұл ретте меморандум шеңберінде Қазақстанның медициналық мекемелеріне барлығы 100 жедел жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 желдеткіш және 1000 пульстік оксиметр жеткізілген.
Жедел жәрдем машиналарының бірін алған №1 қалалық емхананың директоры Светлана Ермекқалиева мұндай сыйлық үшін Samruk-Kazyna Trust компаниясына ризашылығын білдірді. Қазір ең көп халыққа қызмет көрсететін медициналық мекемедегі дәрігерлердің ұтқырлығы едәуір өсті. Осы клиникада бірнеше жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, олар коронавирустық эпидемияның жедел кезеңінде тиімділігін көрсетті. Сол кезде қолда бар ыңғайлы машиналарды пайдаланған болса, енді қажетті құрал-жабдықтармен, жедел жәрдем көлігімен жабдықталған дәрігерлер тез арада шақырту орнына шығып, пациенттеріне медициналық қызмет көрсете алады, қажет болған жағдайда оларды ауруханаларға жеткізе алады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу