ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
Бүгін, 15 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев облыстағы COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

Өткен аптада Бөрлі ауданындағы вахталық әдіспен жұмыс жасайтын «Бонатти С.П.А» компаниясының жұмысшылары тексерілді. Скрининг кезінде 47 адамда симптомсыз жағдайлар анықталды. Бұл ауданда жергілікті бас саитариялық дәрігерің қаулысы негізінде шектеу енгізілді.
– Бонатти С.П.А. компаниясының Қазақстандағы филиалы қызметкерлері арасында коронавирустық инфекциясының жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және Бөрлі ауданында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру мақсатында Бөрлі ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2021 жылғы 13 қаңтарда шектеу шараларын күшейту туралы №03 қаулы шығарып, Бөрлі ауданының аумағында шектеу шаралары күшейтілді, – деді Нұрлыбек Мұстаев.
Сондай-ақ Бәйтерек ауданында эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болуы себепті жергілікті бас санитариялық-дәрігердің қаулысымен шектеу шаралары енгізілді. Бұл ауданда жыл басынан бері аурушаңдық 13,2 пайызды көрсеткен.
Жәнбек ауданының Борсы ауылында бес және одан жоғары жағдайдың тіркелуіне байланысты Жәнібек аудандық бас санитариялық дәрігердің қаулысымен бұл ауылға шектеу қойылған.
– Аурушаңдықтың 40 пайызы Орал қаласында тіркеліп отыр. Алдағы күндері бұл деңгей төмендемейтін болса, Орал қаласында да шектеу шараларын енгізу қабылданатын болады, – деді спикер.
Соңғы тәулікте облыста covid-19 жұқтырған 41 жаңа жағдай тіркелді. Коронавирустық инфекция пандемиясының басталуынан бері барлығы 9793 жағдай тіркелді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу