8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Маусым 2020 3659 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы және меритократия қағидаттарын жүзеге асыру аясында және конкурстық комиссияның шешімі бойынша Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына Дүйсенғалиев Жандос Асхатұлы тағайындалды.


Дүйсенғалиев Жандос Асхатұлы 1990 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастады.
Әр жылдары БҚО Сырым ауданы «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, БҚО Сырым ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, БҚО Қазталов ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы, БҚО Қазталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Күні бүгінге дейін Орал қаласы әкімінің кеңесшісі (төтенше жағдайлар бойынша) болды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
110 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
166 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
230 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
264 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
309 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»