ОРАЛ ҚАЛАСЫ МЕН БІРНЕШЕ АУДАН АУМАҒЫН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР
7 сәуірден бастап азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесі жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Сонымен қатар ТЖ департаментінің қызметкерлері күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұймыдастырған брифингте БҚО ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев су басудың қаупі, көктемгі төтенше жағдайдың алдын алу шаралары туралы айтты.
Көктемдегі төтенше жағдайды жоюға тартылатын күштер мен құралдардың жалпы саны – 2591 адам, 734 бірлік техника, 45 жүзу құралы және 295 мотопомпаны құрайды. Облыс бойынша 170 эвакуациялық пункт дайындалды. Облыс бойынша резервте 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Бұл әр түрлі төтенше жағдайларды жоюға бағытталатын болады. Бүгінгі күні 443 тонна жанар-жағармай, 88 мың дана қап, 22 мың тонна инертті материал қоры дайындалды. Сондай-ақ жарушылар бригадалары үшін 6,820 млн. теңге, аэровизуалды зерттеулер жүргізу үшін тікұшақ тарту бойынша шарттар жасасуға 16,7 млн. теңге, қаптар сатып алуға 2,895 млн. теңге қаражат көзделген.
– Жағдайдың қорытындысы бойынша көптеген өзендер мен су қоймаларының тасқын сулардың жиналу кезеңінде екенін ескере отырып су басу қаупі Орал қаласында, Тасқала, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарында және Бәйтерек ауданында сақталады. Ақжайық, Бөкей ордасы, Казталов, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Жаңақала аудандарында су басу қаупі аз. Облыс бойынша жағдай облыстық су тасқынына қарсы штабтың ерекше бақылауында, – деді Жасұлан Жұмашев.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу