ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ СҰРАҒЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Бүгін Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков жергілікті «Ақжайық» телеарнасының «Әкім сағаты» бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығып, қаланың инфрақұрылымын жақсарту және қалалықтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Шаһар басшысы баян еткендей, мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын, тұрмыс деңгейін арттыру тапсырмасына сәйкес, биыл қаламызда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, шағын және орта бизнесті өркендетуге, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымдарын жетілдіруге, инвестициялық тартымдылықты арттыруға ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденция байқалады. Халық саны 2 пайызға өсіп, 313 560 адамды құрап отыр. Өнеркәсіп саласы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Биыл 144 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 67 млрд.теңге, облыс көлемінде қаланың үлесі 86 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 25,4 млрд. теңге. Қала бюджетіне кірістің нақты түскені 21,2 млрд. теңге.
Абат Абайұлы өз сөзінде қалаға қарасты елді-мекендерге инфрақұрылым желілерін тарту бағытында, Ақжайық ықшам ауданы бойынша газ, су құбырларын, электр желілерін жүргізу жұмыстары атқарылғанын жеткізді. Сондай-ақ қала халқының саны күн санап артуына байланысты тұрғын үй құрылысы мәселесіне ерекше тоқталды.
– Қазіргі уақытта, мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде 20 мыңнан астам адам тұр. 2019 жылы қала халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында баспанамен қамтамасыз ету үшін жоспарланған жұмыстар аясында 20,2 млрд. көлемінде қаржы бөлініп, жалпы ауданы 122,717 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бюджет есебінен жалпы ауданы 9892,1 мың шаршы метр болатын 216 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Жыл соңына дейін 5 үйдің құрылысы аяқталып (3 үй Зачаган ш/а, 2 үй Солтүстік Батыс бөлігінен), ТҮҚЖБ салымшыларына беріледі деп жоспарлануда, – деді қала әкімі.
Сондай-ақ 2020 жылы 8 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Нақтырақ айтқанда, Солтүстік-шығыс ТЖЖ бойныша №4, 7 үй және Саратов-Орал тас жолы бойындағы 6 үйдің құрылысы аяқталады (47, 48, 49, 50, 51, 52). Бұл жалпы ауданы 76 мың метрден астам 3117 пәтер. Соның ішінде №4 үй және 47 и 48 әлеуметтік осал топ қатарында кезектегі тұрғындар, бұл 612 пәтер.
Сондай-ақ қала әкімі Абат Шыныбеков қаланың құрылыс-сәулеттік келбетін жақсартуға байланысты қолға алынған жобалар, жарықтандыру, жол құрылысы мен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, көпбалалы отбасылардың әлеуметтік ахуалын зерделеу, жұмыспен қамтылуына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу