29 Наурыз 2021 1936 0
ӨзекОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ШАҺАР ТҰРҒЫНДАРЫН ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУҒА ШАҚЫРДЫ
Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қала тұрғындарына үндеу жасады.

«Құрметті қала тұрғындары, өздеріңізге мәлім, қазір Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта. Осыған байланысты облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша бірқатар карантиндік шектеулер енгізілді. Қала бойынша эпидемиялогиялық ахуал тұрақты емес. Жыл басынан бері қала бойынша 3466 адамда Covid-19 тіркелген. Кеше, бір күннің ішінде 78 адамда коронавирус инфекциясы анықталған. 2021 жылы қалада аталған індет жұқтырған 56 адам көз жұмды. Медициналық қызметкерлер бір жылдан астам уақыт аурумен алдыңғы шепте күресуде. Алайда ауру бәсеңсімей тұр. Қазіргі уақытта аурудың өсу деңгейі 0,9 пайызды құрап отыр. Қалада той-томалақ пен басқосуларды болдырмау үшін мониторингтік топтардың жұмыстары күшейтілді. Рейдтік шаралар көптеген нысандардың санитарлық-эпидемиялогиялық нормаларды қатаң сақтамайтынын көрсетіп отыр. Биылдың өзінде мониторингтік топтармен шектеу шараларын бұзған 94 жағдай анықталды. Жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерді де тексеру нәтижесінде санитарлық талаптарды бұзған жүргізушілерге айыппұлдар салынды. Бұл тұрғындар тарапынан сақтық шараларына әлі де жете мән берілуі қажеттігін білдіреді. Жұмыс істеуге рұқсат берілген барлық еңбек ұжымдарында сақтық шараларын қатаң сақтау қажет», – деп жазды Абат Шыныбеков.

Сондай-ақ шаһар басшысы енгізілген карантиндік шектеулерді сақтау, қабылданған тәртіпке бағынудың маңыздылығын жекізіп, тұғындарды бейғамдық танытпауға шақырды.
«Ардақты ағайын, Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген екен. Баршаңыздан карантиннің маңыздылығын түсініп, бейғамдық танытпауыңызды сұраймын. Мамандар аурудың алдын алудың ең тиімді шарасы — мейлінше оқшаулану екенін айтады. Қазіргі таңда жиын-тойларды өткізуге тыйым салынғанымен, жасырын отырыстар тыйылар емес. Індеттің көпшілік орындарда таралу қаупі жоғары екенін баршаға аян. Коронавирус инфекциясы туралы ақпарат БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде жиі жариялануда. Сондықтан көпшілік орындарға, ойын-сауық, сауда орталықтарына баруды мүмкіндігінше азайтқан абзал. Жұмыс істеуге рұқсат берілген барлық еңбек ұжымдарында сақтық шараларын қатаң орындау қажет. Әулетіміздің, отбасымыздың, ұрпағымыздың, ата-анамыздың, ел-жұртымыздың аман-саулығы үшін тәртіпке саналы бағынайық, ағайын. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз», – деді Абат Абайұлы.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
17 Қыркүйек 2026
57 0
Жасанды интеллект
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
16 Қыркүйек 2026
80 0
Заң және тәртіп
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
16 Қыркүйек 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
16 Қыркүйек 2026
91 0
Без рубрики
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
14 Қыркүйек 2026
141 0
Без рубрики
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
14 Қыркүйек 2026
246 0
Без рубрики
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
14 Қыркүйек 2026
246 0
Без рубрики
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
14 Қыркүйек 2026
214 0
Өңір жаңалықтары
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
13 Қыркүйек 2026
259 0
Өңір жаңалықтары
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
13 Қыркүйек 2026
192 0
Өңір жаңалықтары
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
13 Қыркүйек 2026
285 0
Без рубрики
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
12 Қыркүйек 2026
333 0
Toqaev2026
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11 Қыркүйек 2026
322 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
Без рубрики
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
10 Қыркүйек 2026
298 0
Спорт
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
10 Қыркүйек 2026
279 0

Кіру
Пікір үстеу