ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ КЕЙБІР БӨЛІМДЕРІ «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНА КӨШІРІЛЕДІ
Бұл туралы 18 қарашада қала әкімдігінде өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды.
Қала әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен өткен комиссияның бас қосуыныа «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің БҚО бойынша басшысы Әлия Салиева қатысты.
Әлия Өтемісқызы өңіріміздегі мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы туралы ақпараттандырып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар жиында бекітілген күн тәртібіне сәйкес қаладағы кент және селолық округтерінің әкімдері мен бөлім басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының есебі тыңдалды.
Шаһар басшысы атқарылып жатқан әр істе ашықтық пен қолжетімділік қатар жүруін, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында әр кент пен бөлімдерде профилактикалық шаралар жүргізу қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, құжаттармен жұмыс істеуді жеңілдету, ең бастысы азаматтардың мәселелерін тез әрі жедел шешу жолдарын қамтамасыз ету, қызметтерді көрсету кезінде ашықтықты сақтау мақсатында қажетті бөлімдерді «Open Space» форматына көшіруді ұсынды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу