ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ «НАВАТ» РЕСТОБАРЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ТЕКСЕРУ БОЙЫНША МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ
Орал қаласы әкімдігі баспасөз хатшысы әлеуметтік желіде талқыланып жатқан «Нават» рестобарын мониторинг тобының тексеруіне байланысты «Нават» әкімшілігі таратып жатқан ақпараттың қасақана жалған және біржақты екенін мәлімдеді.

БҚО Бас Мемлекеттік санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес, тамақтандыру орындарына санитарлық талаптарды сақтай отырып, сағат 10.00 ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Карантин режимі кезінде тамақтандыру орындарының жұмыс графигінің сақталуы бойынша қалада әкімдік қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының мүшелері, волонтерлерден құралған мониторинг тобы тұрақты түрде рейд өткізуде.
«5 маусым күні кезекті рейдте жүрген мониторинг тобына «Нават» рестобарының түнгі 22.00-ден кейін клиенттерге қызмет етіп жатқаны туралы хабарлама түсті, осыған орай мониторинг тобы аталған нысанға сағат 22.30-да барды. Алайда, рестобар әкімшілігі мониторинг тобына есікті ашпай, құқық қорғау өкілдері келген соң ашты. Мониторинг барысында рестобар ішінде клиенттердің болғаны анықталмады, бірақ төменгі қабатында және жазғы алаңында дастарханда тамақтар тұрғаны анықталды. Мониторинг тобы санитарлық талаптардың сақталуына қатысты акті бойынша сұрау өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жасады. Мониторинг тобының жұмысы барысында волонтерлер бейнежазба жүргізді. Жұмысын аяқтап кетіп бара жатқан мониторинг тобына рестобар иесі өзінің ұялы телефонының камерасын қосып, бейнеге түсірген. Оның «заңсыз тексерді», «пара талап етті» деп дауыстап сөйлеп, әлеуметтік желіге таратуын заң шеңберінде жұмыс атқарған мониторинг тобына негізсіз жала жауып отырғаны деп санаймыз. Мониторинг топ мүшесі, мемлекеттік қызметкер, қала әкімдігінің жауапты қызметкері тарапынан барлық іс-қимыл заң талаптары аясында жүргізілді. Мемлекеттік қызметкердің жеке басына ар-намысына тиетін сөздер айтып, жалған ақпарат тарату шындыққа жанаспайды. Бұл бойынша «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талаптарына сәйкес, сотқа жүгіну арқылы әділдік талап етіледі» деп хабарлады Орал қаласының баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу