ҚОНЫС ТОЙЫ ҚАШАН?
Екі жүзге тарта оралдық былтыр салынып біткен су жаңа үйіне әлі кіре алмай жүр. Тұрғындар дауға айналған баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасымен ипотекаға сатып алыпты. Жоспар бойынша былтыр қоныстануы керек екен. Бірақ үйдің айналасында құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған. Жалақымен жан бағып жүрген жас отбасылар енді пәтер жалдап, шаш-етектен шығынға батып жүр.

Қазір үйдің өзі салынып біткенімен, ауласында құрылыс жұмыстары әлі жүріп жатыр. Құрылыс компаниясының өкілдері небары бес күннің ішінде су мен жылу және газ бен электр желісін тартып бітіреміз деп сендіреді. Бірақ уәделі үйді жарты жыл бойы күткен тұрғындар бұған сенер-сенбесін білмей дал болып отыр. Қапа болған қалалықтар болашақ пәтерін сырттай қызықтап, күн санап жүр. Былтыр шілде айында үйдің құжаттарын рәсімдеген олар көп кешікпей қоныс тойын тойлаймыз деп қуанған. Бірақ зарыға күткен тоғыз қабатты екі үйдің құрылысы әлі бітпегенін көрген тұрғындардың көңілі торыққан. Айнала қазылған шұңқырдан көлік түгілі, адамның өзі әрең жүреді. Аталған үйдің болашақ тұрғыны Мейірбек Маратұлының айтуынша, ай сайынғы жалдамалы пәтер мен қолдарына тие қоймаған үй үшін ТЖБ несиесі әбден тығырыққа тірепті.
– 45 мың теңгеге пәтер жалдап тұрамыз және мына 37 мың теңге ипотеканы төлейміз. Сонда айына 80 мың теңге шығынға батып отырмыз. Үйге кірген жоқпыз, бірақ несие төлеп жатырмыз. Банктегілер бізге «бәрібір өздеріңе қалатын үй емес пе, күтіңіздер» дейді. Сонда екі, үш жыл күтіп қарызға белшемізден батып отыра береміз бе, – дейді базынасын білдірген Мейірбек Маратұлы. Осы пікірге әлі де болса кілті қолына тимеген тұрғынжай иесі Арайлым Құбашева да қосылып:
– Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінебарсақ, «қайда барсаңдар онда барыңдар. Барыңдар да, банкке ақшасын төлемеймін деп айтыңдар» дейді. «Бәрібір сендерге қалатын үй ғой’ дейді. Біз «қалайша?» дейміз. Біз қабырғасын көріп, есігін, тұтқасын ұстамай, біздің үйіміз екенін көрмей, білмей ақшасын төлеп жатырмыз. Пәтер жалдап жүрген жас отбасыларға өте қиын болып тұр, екі есе шығын, – дейді Арайлым.
Мәселенің мән-жайына қанық болу мақсатымен қалалық құрылыс бөлімінің мамандарына ат басын бұрдық. Уәкілетті мекеме мамандарының дерегінше, үйдің өзі былтыр желтоқсан айында пайдалануға беріліпті. Бірақ инфрақұрылымын жүргізу биыл басталған. «Коронавирус індетіне байланысты карантин жарияланып, біраз жұмыс кейінге қалдырылды»дейді құрылысшылар.
– Бұл үйге мырышталған жылу құбыры жүргізілуі тиіс. Бірақ мұндай материалды аз көлемде әкелу қиын. Кемінде 70 тоннаға тапсырыс беруің керек. Ал мына үйге керегі – 5 тонна құбыр ғана. Сондықтан, бөлек тапсырыс беріп, дүйсенбіде Ресейден алдырдық. Енді трассаны тексергесін, қазылған шұңқыр көміледі. Сосын үйге қоныстануға болады,– деді Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаев. Құрылыс бөлімінің өкілдері дауға айналған екі үйдің қалған жұмысы он бес күнде бітеріне сенімді. Он бір ай бойы уәделі үйден үмітін үзбеген тұрғындар бұл он бес күнді де уайыммен өткізері анық.

Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу