8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қараша 2023 3854 0
Қоғам

Ономастиканың өзекті мәселелері қаралды


Бүгін, 24 қарашада Достық үйінде «Ұлттық ономастика – ұлт айнасы: Батыс Қазақстан облысындағы ономастикалық атауларды жүйелендіру мәселелері» республикалық семинары өтті.

Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті ономастикалық жұмыстар басқармасының басшысы Елерке Төрехан, саясаткер, тілші ғалым Дос Көшім, филология ғылымдарының докторы, Республикалық ономастика комиссиясының мүшесі Сәуле Иманбердиева, филология ғылымдарының кандидаты, «Ономастар одағының» төрағасы Гүлнара Бекенова, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының кеңесшісі Болат Жексенғалиев онлайн түрде қатысып, баяндамаларын оқыды.

Сондай-ақ басқосуда филология ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы БҚУ доценті Ғабит Хасанов, философия докторы, М.Өтемісов атындағы БҚУ доценті Айдарбек Ақболатов өңірдегі ономастикалық хал-ахуалға тоқталып, ұсыныстарын ортаға салды.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарға аудандық жергілікті атқарушы орган өкілдері, ғалымдар мен тіл жанашырлары, БҚУ магистранттары мен студенттері қатысты.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

(Толығырақ газеттің алдағы аптадағы №48 санынан оқи аласыздар)

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
36 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
217 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
267 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»