ОНЛАЙН ФОРМАТТА ОҚУ БАСТАЛДЫ
Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздары мен оқушылары үшін төртінші оқу тоқсаны онлайн режимде басталды. Күннің бірінші жартысында пәндер бойынша онлайн сабақтар өтсе, түстен кейін оқушылар өз бетінше жұмыс жасап, оқытушыдан жеке және топтық кеңестер ала алады.
Қашықтан оқыту Microsoft Teams платформасы базасында мектеп әкімшілігі ұсынған кестеге сәйкес ұйымдастырылуда. Ол үшін аталған платформаға барлық оқушылар тіркеліп, онлайн-сыныптар құрылды. Ал мұғалімдер қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Зияткерлік мектептің 8-сынып оқушысы Марат Ғұбашев осыған дейін байқау сабағына қатысқандықтан, техникалық жағынан ешқандай қиындық болмағанын айтады. – Мұғалімдер 20 минутқа маңызды деген ақпараттарды жинақтапты. Сол себепті жаңа тақырыптарды терең меңгереміз деп ойлаймын, – дейді ол. Әр мектеп ноутбук қажет оқушыларды техникамен қамтамасыз етіп, 4G-модемдер сатып алынды. Сонымен қатар интернет жоқ елдімекендерде тұратын балалар бақылауға алынды.
– Сабақ басталғанға дейін қашықтан оқытудың қыр-сырын меңгеріп, оқушыларға сапалы ресурс дайындауға кірістік. Әрине, қиындықтар кездесті, алайда мектеп әкімшілігі дер кезінде әдістемелік көмек көрсетіп, мұғалімдердің жұмысын оңтайландыруға атсалысты. Алғашқы сабағым сәтті өтті, – дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Сралиева.
Мектеп әкімшілігі қашықтан оқытуға көшу балалар, мұғалімдер және ата-аналар үшін жаңа оқу жағдайларын қарастыратынын, сондықтан оқу процесін ұйымдастыру жұмыстары үнемі қадағаланып отыратынын айтады.

Соңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу