ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ОРАЛДЫҚТАРҒА РИЗАМЫЗ
Қазақстандық Арайлым Ишахат әлемдік сұлулар байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Редакциямызға арнайы келген Арайлымның нағашы ағасы Артур Хайрлиев қолдау көрсеткен батысқазақстандықтарға ризашылығын жеткізді.

Арайлым Ишахат – Атырау облысының тумасы. Нағашысы Артурдың айтуынша, отбасында екі әпкесі және інісі бар. Бала кезінен ән шырқап, гитарада ойнайды екен. Өткен жылы Астана медициналық университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген. 21 жасар бойжеткен қыркүйек айында 1500 ару қатысқан «Виртуалды Мисс Қазақстан» байқауының 3 кезеңінен сүрінбей өтіп, жеңіске жеткен болатын. Ал жуырда ғана «Виртуалды әлем аруы» халықаралық конкурсының финалында Қазақстанның атынан бақ сынап, бас жүлдені иеленді. Бұл байқауға 20 елдің өкілі қатысқан. Олардың қатарында Қырғызстан, Армения, Боливия, Бразилия, Гватемала, Гондурас, Ресей Федерациясы, Коста-Рика, Доминикана, Панама, Перу, Мексика, Чили, Эквадор, Мексика, Колиумбия, Танзания елдерінен келген қатысушы қыздар бар. Дегенмен, Мексиканың Канкун қаласында өткен қорытынды кезеңге Арайлымның өзі қатыса алмаған.
– Виза мәселесіне байланысты марапаттауға бара алмады. Қазақстаннан ұшып Жапонияға жеткенімен, Токиода әуежай қызметкерлері түсіріп алыпты. Мексикаға жете алмай қалды. Жеңісін скайп арқылы білді, – дейді нағашысы Артур Қанатұлы.
«Виртуалды әлем аруы» халықаралық конкурсының қатысушылары тәжді иелену үшін дауыс жинауы тиіс болған. Дауыс беру inDriver мобильдік қосымшасында өтіп, 20 қазанда аяқталды. Осы орайда біздің бойжеткенге 36 612 қолдаушы табылып, өзінен кейінгі қарсыласынан 2000-ға жуық артық дауыс жинаған. Осылайша, әлем аруы атанып, тәжді иеленген Арайлымға байқаудың басты жүлдесі – «Porsche» автокөлігі сыйға берілген.
– Әлемдік байқауға қатысу кезінде қарындасыма қолдау көрсеткен оралдықтарға және ерекше алғысымды Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовке, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаеваға, осы басқарманың орынбасары Жеңіс Нығметуллинге, DD records орталығының әншісі Райым Бақтыгереевке ерекше алығысымызды білдіреміз, – дейді Артур Хайрлиев.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу