8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Маусым 2019 2708 0
Өзек

ОЙНАП ЖҮРІП, ҰЙЫҚТАП ҚАЛҒАН

19 маусымда  түнгі сағат 23.40-та Орал қаласы, «Самал» көшесі №115 мекен-жайының тұрғыны бір азаматша полицияға хабарласып, ойнауға шығып кеткен кішкентай ұлының үйге оралмағанын, көмектесулерін сұрап телефон соқты.

Ер баланың анасы кешкі сағат 18.30 шамасында 2011 жылы туылған баласының үйден шығып, көрші балалармен ойнауға кеткенін, үйден шыққанда үстіне киіп шыққан киімдерін, кеудесіне  жасыл түсті жеңіл футболка, көк түсті қысқа шорты кигенін айтып полицияға баласы туралы сипаттама жасады. Түскен хабарлама бойынша «Жұлдыз» шағын ауданына қарай бет алған мектеп инспекторы полиция аға лейтенанты Руслан Габдуалиев  пен учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Асылан Нықбаев  осы аудандағы барлық көшелерді, жер үй сектор аулаларын аралап тексеріп шықты. Қызмет көрсететін аймақтарына жауапты екі инспектордан өзге 15 тәртіп сақшысы, 4 түнгі наряд құрамындағы сақшылар бірлесіп жұмыла іздеді.

Қараңғылық қоюланып, көз байланған шақта 2011 жыды туылған Хамит есімді баланы  А.Нықбаев пен Р.Габдуалиев тау теке болып жиналған құмның үстінен сағат 00.55-те тапты. Кішкентай Хамит ойнап-ойнап, шаршап ойнап отырған жерінде ұйықтап қалған екен. Денесі мұздап тоңып оянған Хамит қасында ешкім жоғын біліп, қорқып бақыра жылаған. Баланың жылаған дауысы бойынша жүрген екі тәртіп сақшысы құм үстінен бүлдіршінді көтеріп алып, баланың табылғанын құзырлы мекемелерге хабарлаған.

Баланы жұбатқан полиция қызметкерлері жасөспірімді  үйіне апарып, ата-анасының қолына табысады.

Ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғыстарын жаудырып, тынымсыз қызметтеріне табыстар тіледі.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»